Шымкенттік өрт сөндірушілер адам өмірін құтқарып қалды

0
1 069

Өрт шыққан пәтердің есігі жабық болған.


Шымкенттік өрт сөндірушілер адам өмірін құтқарып қалды

Шымкент қаласындағы тұрғын үйдің бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, сағат 11.51-де «101» байланыс телефонындағы жедел құтқару қызметіне Шымкенттегі 8-мөлтек ауданда орналасқан көпқабатты үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Сондай-ақ, оқиға орнына тез арада мамандандырылған жасақтың 3 өрт сөндіру техникасы және жеке құрамнан 19 адам мен апаттар медициналық орталығының қызметкерлері жөнелтілген.

Сонымен қатар, оқиға орнына жеткен қызметшілер бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен түтін шығып тұрғанын анықтап, бірінші кезекте бар күшін адамдарды құтқаруға бағыттайды. Нәтижесінде, жабық болған пәтердің есігін бұзып ашқан өрт сөндірушілер ондағы ер адамды тауып, сыртқа алып шыққан және тез арада апаттар медициналық орталығының қызметкерлеріне табыстаған. Осылайша, өрт сөндірушілер жедел және кәсіби тұрғыда әрекет етуінің арқасында бір адамның өмірін сақтап қалған. Ал, өрт сағат 12.11-де толық сөндірілген.

Айта кетейік, бұл оқыс оқиға 2019 жылдың 25 қазан күні орын алған.