Шымкенттік полицейлер балалар үйінде жаңа жылдық мереке ұйымдастырды

0
1 377

Мерекелік үстел жайған полицейлер материалдық көмек те көрсетті.


Шымкенттік полицейлер балалар үйінде жаңа жылдық мереке ұйымдастырды

Шымкент полицейлері №4 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық мереке ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасымен, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың басшылығымен балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара аясында балаларға ойыншықтар мен тәттітер сыйлап, мерекелік үстел жайған полицейлер материалдық көмек те көрсетті.

Сондай-ақ, мереке соңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тәрбиешілерін құттықтады.

"Департамент атынан біз сіздерге бар жақсылықты тілейміз. Жақсы оқып, спортпен айналысыңыздар, оқытушыларыңызды тыңдап жүріңіздер. Жаңа жылда барлық тілектеріңіз орындалып, бақытты болыңыздар! Біз сіздерге көмектесуге әрдайым қуаныштымыз. Шын жүректен Сіздерге бақыт тілейміз", - деді полиция бастығы.