Шымкенттік полицейлер кіші футболдан Халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

0
728

Бұл додаға әлем елдерінен 204 команда қатысқан.


Шымкенттік полицейлер кіші футболдан Халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттік тәртіп сақшылары «World Police Indoor Soccer Tournament» Халықаралық турнирінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы Полиция департаментінің құрама командасы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тургумбаевтың тікелей қолдауымен Голландияның Грунло қаласында әлем полицейлері арасында кіші футболдан өткен «World Police Indoor Soccer Tournament» Халықаралық турниріне 2019 жылдың 10 қазанында аттанған болатын.


Нәтижесінде, ҚР ІІМ-нің намысын қорғап барған шымкенттік тәртіп сақшылары 204 команданың ішінен жүлделі 3 орынды иеленіп, жеңімпаз атанып қайтты.


Сондай-ақ, бүгін жеңімпаздарды әуежайдан қала тұрғындары, туған-туыстары, әріптестері мен Шымкент қаласы ПД-нің басшылығы қошеметпен қарсы алды.