Шымкенттік полицейлер көзбояушылықпен айналысқан және қылмыс саны көбейген

0
874

Шымкенттік прокурорлар полицейлердің салғырттығын әшкере етті.


Шымкенттік полицейлер көзбояушылықпен айналысқан және қылмыс саны көбейген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының прокуратурасында қылмыспен күресу жұмыстарының профилактикасы талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкент қаласының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесі мәжілісінің кезекті отырысы болып өтті. Онда өткен мерзімде қылмыспен күресу жұмыстарының жағдайына талдау және құқық бұзушылық профилактикасына тексеріс нәтижелері қаралып, шараны ашқан қала прокуроры қаладағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мәселесіне назар аударды және жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергейтін арнайы топ құрылғаны мен аталған құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында әр ауданда мобильдік топтар құрылғаны айтылды.


Сонымен қатар, прокуратура мен әкімдіктің бірлескен «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының аясында 4 аудан әкімдіктерінде «Аутрич» бөлімі ашылып, қысқа мерзімнің ішінде 3500 отбасыға нақты көмек көрсетілген.

Алайда, 2019 жылдағы алғашқы 8 ай көлемінде қылмыс 12% төмендегенімен, олардың кейбір түрлері көбейген. Атап айтсақ, мал ұрлығы – 11%, ұялы телефондарды ұрлау – 12%, бұзақылық – 12%, зорлау – 5%-ға өскен және прокуратура тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде полиция департаменті мен әкімдік тарапы профилактикалық жұмыстарға салғырт қарағаны анықталған. Одан бөлек, оңай жолмен есептік көрсеткішті жасанды кемітумен айналысқан Полиция қызметкерлерінің әрекеттерінен статистикалық көрсеткіштер бұрмаланып, қоғамдық орындарында жасалған құқық бұзушылықтар саны 5,2% төмендеген (300 қылмыс бұрмаланған, негізінде қылмыс 2%-ға өскен).


Мысалы, Қылмыс оқиғасы орын алған дүкен («Индира» азық-түлік дүкенінде орын алған қылмысты ҚК-тің 293-бабының 1-бөлігімен (бұзақылық) тіркеген) қоғамдық орынға жататына қарамастан, оны тіркеу дерекқорға «қызмет атқармайтын қоғамдық орын» деген жалған мәліметпен енгізілген. Ал, жедел-іздестіру қызметкерлері 1426 істің ашылуына ықпал жасағаны күмән тудырып, тексерудің нәтижесі 247 қылмыстың жедел-іздестіру қызметкерлерінің көмегінсіз ашылғаны анықталып, полиция қызметкерлерінің көзбояушылықпен айналысқанын көрсеткен.

Сондай-ақ, «Шымкент қаласындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары» Жоспарына сәйкес, қала аулалары 2017ж.- 80%, 2018ж. - 90%, ал 2019ж. толық жарықпен және бейнекамералармен қамтамасыз етілуі қажет болатын. Алайда, прокурорлардың қала аумағын жаяу аралаудың нәтижесімен Жоспардың бұл тармақтары толық орындалмағаны анықталған. Дәл осылай, қоғамдық көліктердегі орын алатын ұрлықты тежеу мақсатында орнатылатын бейнекамералардың жабдықталуы да орындаусыз қалған (жоспар бойынша 2019ж. -100%).

Оған қоса, профилактикалық іс-шаралардың сапасыздығынан қала аумағында атыс қару қолданумен жасалған қылмыстар саны 8,9%-ға және олардың қоғамдық орындардағы көрінісі 18,5%-ға өскен. Осыған байланысты Мақсат Қожабаев мәжіліске қатысушылардың назарларын әрбір құқық бұзушылықтың артында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы тұрғанын атап өтіп, барлық басшылар тарапынан ведомстволық бақылауды күшейтуді, қылмыстың алдын алуға және ашуға бағытталған барлық заңды іс-шараларды толық түрде атқаруға шақырды.

дереккөз: Шымкент қаласының прокуратурасы