Шымкенттік полицейлер мектеп оқушыларымен кездесті

0
2 647

Кездесуге прокуратура қызметкерлері, ІІО ардагерлері мен Ювеналды полиция бөлімінің мектеп инспекторлары қатысты.


Шымкенттік полицейлер мектеп оқушыларымен кездесті

Білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы ЖШС «А.Құнанбаев» атындағы орта мектебінде кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында өткен жиынға оқытушылар, прокуратура қызметкерлері, ІІО ардагерлері мен Ювеналды полиция бөлімінің мектеп инспекторлары қатысты.

Іс-шара барысында Қаратау ауданының ардагерлер ұйымының төрағасы А.Тоқмағанбетов өзінің еңбек жолында болған қиыншылықтар мен қызықшылықтармен бөлісіп, оқушылармен әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, Шымкент қаласы ПД-нің Қаратау ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты А.Жаппарова баяндама оқыды.

Сондай-ақ, кездесу барысында Қаратау ауданы Полиция басқармасының ЖПҚ бастығының орынбасары полиция майоры Б.Асылбеков Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді.

Одан бөлек, мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Ал, кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.