Шымкенттік полицейлер «Самбо» күресінен өткен ҚР чемпионатында жүлдегер атанды

0
918

Аталған біріншілікке еліміздің барлық облыстық ішкі істер департаменттерінен барлығы 17 команда қатысып, өзара күш сынасқан.


Шымкенттік полицейлер «Самбо» күресінен өткен ҚР чемпионатында жүлдегер атанды

Талдықорған қаласында «Самбо» күресінен өткен ҚР ІІМ-нің чемпионатындажалпы командалық есеп бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің құрама командасы жүлдегер атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 15-18 тамыз аралығында өткен чемпионатта Шымкент қаласы Полиция департаментінің 4 қызметкері жүлделі орындарды иеленіп, жалпы командалық есепте 4-орынға тұрақтаған.

Атап айтсақ, Шымкент қаласынан барған команда сапынан 57 келі салмақта «Оқу-жаттығу» взводының аға инспекторы, самбодан спорт шебері, полиция капитаны Нұров Қанат 1 орынды, Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, самбодан спорт шеберіне үміткер полиция лейтенанты Ысқақ Серік 62 келі салмақта 2 орынды және полиция капитаны Алтыбеков Мақұлбек 68 келі салмақта 3 орынды иеленсе, 74 келі салмақта Оқу-жаттығу взводының инспекторы, самбодан спорт шебері, полиция капитаны Майлыбаев Нұрболат 2 орынға ие болды.

Айта кетейік, аталған біріншілікке Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық Ұлан, еліміздің барлық облыстық ішкі істер департаменттерінен барлығы 17 команда қатысып, өзара күш сынасқан.