Шымкенттік полицейлер жаңа оқу жылына дайындалып жатыр

0
716

Полицейлер күнделікті таңғы сағат 07:30-дан 19:30-ға дейінгі уақыт аралығында қызмет ететін болды.


Шымкенттік полицейлер жаңа оқу жылына дайындалып жатыр

Шымкент қаласы Полиция департаментінде қала аумағындағы барлық мектептер алдынан өтетін автокөлік жолдарындағы жол белгілерін ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңының талаптарына сәйкестігін тексеру жұмыстарын жүргізетін топ құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған топ 2019-2020 оқу жылында жол қозғалысы ережесінде жасөспірімдердің қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында департамент басшысы Е.Жұмаханбетовтың тапсырмасымен құрылып отыр.

Осы орайда 2019 жылдың 22 тамыз күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің кіші мәжіліс залында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, энергетикалық және коммуналдық шаруашылық басқармасы, білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өтті.

Жиналыс барысында Департамент басшылығы жұмысшы топқа каладағы барлық мектептің маңындағы жаяу жүргінші жолақтарының алдында «Абайлаңыз, балалар!» жол белгісін үлкен көлемде орнатуды тапсырды.

Сондай-ақ, Полиция қызметкерлері күнделікті таңғы сағат 07:30-дан 19:30-ға дейінгі уақыт аралығында үш ауысыммен мектептердің аумағында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында оқушылардың білім беру ұйымдарына қауіпсіз келіп-кетуін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізетін болады.