​Шымкенттік полицейлер жоғалған 20 бас жылқыны иесіне қайтарды

0
1 392

Жылқылар қаланың сыртынан табылған көрінеді.


​Шымкенттік полицейлер жоғалған 20 бас жылқыны иесіне қайтарды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттік полицейлер жоғалған 20 жылқыны тауып егесіне тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы жылдың 30 қазанында Шымкент қаласы ПД Абай АІІБ-ның учаскелік полиция инспекторларымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жоғалған жылқыларды қала сыртынан тауып, заңды иесіне қайтарды.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарына өз мүліктеріне сақ болуға және малдарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше малға ен салып, таңбалау, сондай-ақ малшыларды жалдау керектігін ескертеді.

Егерде осындай жайттың жәбірленушісі немесе куәгері болған жағдайда «102» нөміріне полицияға тез арада хабар беру керектігін еске салады полиция қызметкерлері.

Дереккөз: Шымкент қаласы ПД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы