Шымкенттік полиция майоры құрықталды

0
1 137

35 жастағы полиция майоры темір жол вокзалы аумағындағы сауда дүңгіршегінің иесіне "спирттік ішімдіктерді заңсыз саттың жəне жасы кəмелетке толмаған жасөспірімдерге алкоголь саттың" деп айыптап, қорқытқан көрінеді.


Шымкенттік полиция майоры құрықталды

Шымкент қаласының əл-Фараби аудандық ІІБ 35 жастағы учаскелік инспекторы, полиция майоры құрықталды. Тəртіп сақшысы сауда нүктесінің иесінен 15 мың теңге ақша алып жатқан сəтте ұсталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қолда бар іс материалдарына сүйенсек, 35 жастағы полиция майоры темір жол вокзалы аумағындағы сауда дүңгіршегінің иесіне "спирттік ішімдіктерді заңсыз саттың жəне жасы кəмелетке толмаған жасөспірімдерге алкоголь саттың" деп айыптап, қорқытқан көрінеді.

Бұл туралы Шымкент қалалық ІІД ІҚБ на учаскелік полицейдің үстінен сауда орнының қожайыны шағым түсірген. Арызданушының өзі рұқсат етілмеген ешқандай тауар сатып алмағандығын айтқан. Шымкент қалалық ІІД ІҚБ ның арнайы операциясы кезінде 9 қазан күні кешқұрым 35 жастағы учаскелік инспектор қолға түскен.

"Шымкент қаласының тергеу соты күдіктіні екі ай мерзімге қамау туралы санкция берді. ҚР ҚК нің 366 бабы, 2-ші бөлігімен айып тағылуда"-деп хабарлайды Шымкент қаласының тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.