Шымкенттік спортшылар жаңа велосипедке ие болды

0
836

Барлығы 86 кәсіби велосипед сатып алынған.


Шымкенттік спортшылар жаңа велосипедке ие болды

Шымкентте велосипед спортымен айналысатын спортшылар үшін жаңа кәсіби велосипедтер сатып алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Барлығы 86 кәсіби велосипед сатып алынған. Оның ішінде велосипед (тас жол) - 51 дана, велосипед (маутинбайк) - 29 дана, велосипед (трек) - 6 дана.
Шымкент қаласының №2 олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары бүгін ресми түрде жаңа спорттық құрал-жабдықтарды алды.
Спорт мектебінде спорттың 3 түрі дамуда: жеңіл атлетика, велоспорт және президенттік көпсайыс. Шұғылданушылар саны 676 оқушы, оның ішінде 23 Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер және 10 спорт шебері бар, спортшыларды 49 жаттықтырушы даярлайды.
Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Шымкент қаласында велосипед спортын дамыту және танымал ету.

Марапаттау рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы қатысып, спортшыларды құттықтады.