Шымкенттік студент кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

0
1 092

Чемпионатқа 60 елден 696 спортшы қатысқан.


Шымкенттік студент кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Туркия мемлекеті Анталия қаласында 23 қараша мен 1 желтоқсан күндері аралығында Wako Kickboxing спорт түрінен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жарыста әлемнің 60 мемлекетінен 696 спортшы бақ сынап, чемпионат қорытындысына орай +91 келі салмақ дәрежесінде ҚР чемпионы, Шымкенттегі Silkway Халықаралық университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Сафаров Фазлиддин Мунаварұлы әлем чемпионы атанды.