Шымкенттік тәртіп сақшылары психологиялық тренингке қатысты

0
1 135

Тренинг барысында тәртіп сақшылары көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, алған білімдерін өз қызметінде қолдануға уәде берді.


Шымкенттік тәртіп сақшылары психологиялық тренингке  қатысты

Ағымдағы жылдың 12 қазанында Шымкент қаласы Полиция департаментінің психологтары Жергілікті полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тренингтің мақсаты – қарым-қатынас орнатуда, адамдардың мінез-құлқын болжауда полицейдің мүмкіндіктерін анықтайтын коммуникативтік шеберлікті, сөйлеу дағдыларын, білім мен қабілеттілікті дамыту болып табылады, өйткені әңгімелесушінің жағдайын дұрыс түсінбестен тиімді жоспарлау, шешім қабылдау, проблемалық және даулы жағдайларды шешу мүмкін емес.

Тренинг барысында тәртіп сақшылары көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, алған білімдерін өз қызметінде қолдануға уәде берді.

Айта кетсек, полиция қызметкерлеріне арналған осындай психологиялық тренингтер Шымкент қ. ПД-нің психологтарымен тұрақты негізде өткізіліп тұрады.