Шымкенттік тұрғын қайырымдылық қорының 60 дүкендегі ақша жәшігін заңсыз иеленген

0
521

Іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті жалдамалы пәтердің бірінен ұсталып, қамауға алынды.


Шымкенттік тұрғын қайырымдылық қорының 60 дүкендегі ақша жәшігін заңсыз иеленген
Шымкентте қайырымдылық қорының мүшесімін деп 60 дүкеннен ақша жымқырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Абай АПБ-на 102 сымтетігі арқылы белгілі бір қайырымдылық қордың өкілі арызданған. Ол өз шағымында, қордың атын жамылған белгісіз азаматтың 60 сауда нүктесінде орналасқан жәшіктердегі қаражатты заңсыз жолмен иеленгенін айтқан.
"Күдікті сатушыларға өзін аталған мекеменің қызметкері ретінде таныстырып, сеніміне кіру арқылы 300 000 теңгеге жуық қаржыны жымқырған. Шағым түскен сәттен бастап, тәртіп сақшылары жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті жалдамалы пәтердің бірінен ұсталып, қамауға алынды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда, аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.