Шымкенттік тұрғын сақинасын шешу үшін құтқарушыларды шақырды

0
1 011

Оқиға орнына құтқару бөлімшесінен 4 адам барған.


Шымкенттік тұрғын сақинасын шешу үшін құтқарушыларды шақырды

Қолынан жүзігін шығара алмай түнімен қиналған әйелдің қолы ісініп кеткен. Ауруы дендеген ол таң ата құтқарушылардан көмек сұраған деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкентте әл-Фараби ауданы Подвокзальная көшесінде тұратын әйел сырқаттанып жатқан. Денесі Ісініп кеткендіктен қолындағы сақинасы қысып одан сайын жағдайына кері әсер еткен. Сақинаны өзі шешіп ала алмағандықтан құтқарушыларды шақыртқан.

"31 тамыз күні таңғы сағат 05.54-те Әл-Фараби ауданы Привокзальная көшесінің тұрғынынан хабарлама келіп түсті, ол пәтердегі әйелге көмек көрсетуді өтінді. Ол ауырып жатқан және ісіп кеткен саусақтан сақинаны шешіп алалмады. Хабарлама алғаннан кейін, құрамында 4 адам құтқару бөлімшесі оқиға орнына 12 минутта жетіп келді," - деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар келген бойда әйелдің ісіп кеткен саусағынан сақинаны алып берген.