Шымкенттік тұрғындар сатып алған жаңа көлігін бірден автосалонда тіркей алады

0
422

Енді автосалоннан жаңа көлік алатын тұтынушыларға көліктерін мамандандырылған ХҚО-да тіркеудің қажеті жоқ.


Шымкенттік тұрғындар сатып алған жаңа көлігін бірден автосалонда тіркей алады

Шымкенттік тұрғындар сатып алған жаңа көлігін бірден автосалонда тіркей алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері мәлімдеді.

Енді автосалоннан жаңа көлік алатын тұтынушыларға көліктерін мамандандырылған ХҚО-да тіркеудің қажеті жоқ.

Автокөлікті тіркеп, мемлекеттік нөмірді таңдап, техпаспортты тікелей автосалонда рәсімдей аласыз. Корпорацияның қызметкері жаңа "Hyundai Otyrar" автосалонында қызмет көрсетеді.
«Бұған дейін жаңа көлік сатып алғанда азаматтар қала сыртындағы мамандандырылған ХҚО-ға бару керек болатын. Ал, қазір автокөлік иелері құжаттарын тез әрі ыңғайлы алуы үшін австосалонда біздің қызметкер ДС-ЖМ, 9.00- ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Жоба жүзеге асырылғалы автосалонда 20 жуық автокөлік тіркелді», - деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Айта кетейік, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, автокөлікті қайта рәсімдеуге, нөмірлік белгіні таңдауға, есепке қоюға, мемлекеттік нөмірді жеткізуді ресімдеуге eGov.kz порталында жүзеге асыруға болады.