​Шымкенттік тұрғындарға АӘК бойынша еріктілер көмектесе бастады

0
1 038

Атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар қабылдайтын 4 аудан әкімдіктерінде қосымша 6 еріктіден бекітілген.


​Шымкенттік тұрғындарға АӘК бойынша еріктілер көмектесе бастады

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында 22 жас еріктілер жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еріктілерді мұнда жұмылдырудағы басты мақсат - құжат тапсыруға келген халыққа түсіндіру шараларын жүргізу. Өйткені, бірнеше қала тұрғындары әлі күнге дейін атаулы әлеуметтік көмек алудың негізгі шарттары мен талаптарын толық біле бермейді. Сондықтан да, еріктілер бұл мәселенің шешілуіне өз үлестерін қосатын болады.

Сондай-ақ, еріктілер бастаған бұл шара қызметкерлер мен тұрғындар арасындағы түсініспеушіліктерді ретке келтіретіні де анық.

Яғни, еріктілер келушілерге өз мәселелерімен қайда бару керек екендігін көрсетеді. Себебі, орталықта қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, кәсіптік оқытуға, АӘК-ке құжат өткізуге, кеңес алуға келушілер қарасы қалың болып отыр.