Шымкенттік тұрғынды өз үйінің алдында атып кетті

0
2 776

Жарақаты ауыр болғандықтан ол ауруханада қайтыс болған.


Шымкенттік тұрғынды өз үйінің алдында атып кетті

Шымкент қаласының Тараз шағын ауданында ер адамды белгісіз біреу атып кеткен. Жарақаты ауыр болғандықтан ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оқиға 19 шілде күні сағат кешкі 18.00 шамасында орын алған. Көршілерінің айтуынша, аула тазалаушы киімін киіп алған белгісіз біреу жәбірленушіні дәл үйінің алдында көлікте атып кеткен көрінеді. Жедел жәрдем қызметі жәбірленушіні Шымкенттегі Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына жеткізген. Алайда ақ халаттылар оқ тиген азаматты аман алып қала алмаған.

"1964 жылы туған ер адам ауыр халде облыстық клиникалық ауруханасына әкелінген. Алған дене жарақаты аса ауыр болғандықтан ота жасалынғанымен жансақтау бөлімінде көз жұмды", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының Полиция департаменті аталмыш оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда қылмыскерді ұстауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", деп хабарлады Шымкент қаласы полиция Департаментінің баспасөз қызметі.