Шымкенттік жас кәсіпкер коворкинг орталығын ашқан

0
2 493

Кәсіпкерлерді жұмыс орнымен қамтамасыз ететін халықтық желі болып табылады.


Шымкенттік жас кәсіпкер коворкинг орталығын ашқан

Шымкенттік жас кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы коворкинг орталығын ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда өз қызметтерін мамандандырылған онлайн платформаларда, БАҚ арқылы берілетін жарнамалар арқылы көрсететін жеке кәсіпкерлік түрлері дамыған.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін үйде отырып жұмыс жасау немесе қызмет көрсету әрқашан да ыңғайлы бола бермеуі тағы бар. Ал кеңсе жайды жалға алу мұндайлар үшін қымбатқа түсуіне байланысты «коворкинг» орталықтары кеңінен қолданысқа ие бола бастады. «Коворкинг» сөзі (ағылшынның co-working) - «біргелесіп жұмыс жасау» деген мағынаны білдіреді.
Коворкинг бағыты туралы естіп-білген бастауыш кәсіпкер – Әлібек Шолпанқұлов миллионнан аса тұрғыны бар Шымкент қаласында жаңашыл кәсіп түрі, өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлер үшін коворкинг орталығын ашуға бел буған.
Коворкинг орталығын ашу үшін қажет ғимаратты тапқаннан соң, ғимаратты қайта құру мен жабдықтауға мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, нәтижесінде 2018 жылы жас кәсіпкер «SCRUM» деп аталатын коворкинг орталығын ашты.
Қазір бұл орталық кәсіпкерлерге жүйелі түрде өсу және даму мүмкіндігін беретін, кәсіпкерлерді жұмыс орнымен қамтамасыз ететін халықтық желі болып табылады. Ал, Әлібек Шолпанқұлов болса өзгеге көмектесу арқылы өзінің кәсібін дөңгелетіп отырғанын айтуда.