Шымкенттік жастар арасында интеллектуалды сайыс өтті

0
1 418

6 колледжден құралған топтар арасындағы тартысты бәсеке 4 кезеңге бөлінген.


Шымкенттік жастар арасында интеллектуалды сайыс өтті

Шымкенттегі колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта "Брейн-ринг" зияткерлік ойыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Ғаламат» қоғамдық бірлестігімен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта "Брейн-ринг" зияткерлік ойынын өткізді. Бұл сайыс жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, студенттердің ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту және өз ойын жеткізе білуге, ізденуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған.

Атап айтсақ, 6 колледжден құралған топтар арасындағы тартысты бәсеке 4 кезең бойынша өтті. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды білуге, танымдық, парасаттылық сұрақтары мен белгілі тұлғаларды танып-білу бойынша білімдері тексерілді.

Ал, зияткерлік ойынға қатысушыларға Департамент, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, ішкі саясат және дін істері басқармасының, «Серпіліс» қоғамдық қорының, Арнайы мониторингтік топ өкілдері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі мен журналистер әділ бағасын берді.

Сондай-ақ, «Брейн-ринг» қорытындысы бойынша 1-орынды №4 Байланыс және энергетика колледжінің "Энергетик" командасы, 2-орынды "Мирас" колледжінің "Мирас" командасы, ал 3-орынды "Жеңіл өнеркәсіп және сервис" колледжінің " Адал ұрпақ" командасы иеленді.

Айта кетейік, жеңімпаздар «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында өтетін Форумда марапатталатын болады.