Шымкенттік жастар блок-бекетте тұрған полиция және медицина қызметкерлеріне түскі ас таратты

0
872

Игі шараға қалалық “Hadya” мейрамханасы демеушілік етті.


Шымкенттік жастар блок-бекетте тұрған полиция және медицина қызметкерлеріне түскі ас таратты

Мегаполистегі белсенді жастар Бадам блок-бекетінде тұрған полиция және медицина қызметкерлеріне түскі ас таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Игі шараға қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары мен “Hadya” мейрамханасы демеушілік етті.

"Hadya” кафесінің ресми өкілі Жүсіп Әбдірахманов барлық тамақтану орындарын осындай акцияға атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, "Hadya” кафесінің ресми өкілі Жүсіп Абдирахманов аталмыш тамақ тарату акциясын басқа да әріптестеріне эстафета етіп жолдайтынын атап өтті

Естеріңізге сала кетейік, қалада коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелді.