Шымкенттік жастар мен көпбалалы отбасыларға пәтер кілті табысталды

0
1 277

Баспана 13 жұмысшы жас пен 15 көпбалалы отбасыларға берілді.


Шымкенттік жастар мен көпбалалы отбасыларға пәтер кілті табысталды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі жұмыс істейтін жастар мен көпбалалы отбасыларға баспана кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы Нұрсәт шағынауданында орналасқан №111 және 114-көбқабатты тұрғынүйлерден 13 жұмысшы жас пен 15 көпбалалы отбасыларға берілген бұл пәтерлердің кілтін иелеріне шаһар басшысы Ерлан Айтаханов салтанатты түрде табыстап, қуанышқа бөленген жандарды құттықтады.

«Қалада барлық игі істердің атқарылуы бірінші кезекте Тәуелсіздігіміздің арқасы деп білуіміз керек. Қазіргі өте күрделі мәселелердің бірі баспана мәселесі. Жыл соңына дейін 904 жас отбасыларымызға, 450 көпбалалы аналарға және 262 жағдайы төмен отбасыларға пәтерлер беріледі. Бірнеше күн бұрын жастарға 30 пәтер берілген, ал бүгінгі шара соның жалғасы. Жыл соңына осындай пәтерлер берілетін болады», - деді Ерлан Қуанышұлы.

Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген екі және үш бөлмелі бұл баспаналардың лентасын қиған қала басшысы пәтерлердің ішін көріп шығып, бірнеше отбасыға тұрмыстық техника табыстады.