Шымкенттік жігітті керік таптап тастай жаздады - видео

0
2 825

Жігіт зообақтағы керікке мініп көрмек болған.


Шымкенттік жігітті керік таптап тастай жаздады - видео

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Әлеуметтік желіде тараған оқиға 27 шілде күні Шымкенттегі зообақта орын алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Зообақ әкімшілігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазылған ақпаратқа сәйкес, жас жігіт пен оның қасындағы бойжеткен масаң күйде болуы мүмкін.


«Еске сала кетейік, зообаққа келушілердің бірі 3 метрлік қоршаудан өтіп, өміріне қауіп төнуі мүмкін екендігіне қарамастан керіктің (жираф) мойнына мініп алған. Мүмкін ол және оның қасындағы қыз баласы мас күйінде болған шығар. Дегенмен жас жігіт хайуанаттар паркінің аумағындағы тәртіп ережелерін бұзды. Ереже туралы әрбір 15 минут сайын парктегі ридаожелі арқылы келушілерге ескерту жасалынып отырады. Одан бөлек зообақ аумағында "Хайуанаттар паркіне келушілерге арналған ережелер" және қауіпті жануарлар көрсетілген тақтайшалар орнатылған. Парк әкімшілігі мұндай оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін осы азаматты жауапкершілікке тарту мақсатында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына арызданды", - деп жазылған парақшада.