Шымкенттік ЖОО түлектері Полиция департаментінен лауазым иелене алады

0
1 383

Аталған конкурсқа қандай азаматтар қатыса алатындығы айтылды


Шымкенттік ЖОО түлектері Полиция департаментінен лауазым иелене алады

Шымкент қалалық ПД Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері М. Әуезов атындағы ОҚМУ және М.Сапарбаев атындағы институтының басшыларымен, кафедра меңгерушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында Шымкент қалалық Полиция департаментіндегі бос лауазымдарға конкурс жариялануы және бітіруші түлектерді конкурсқа қатыстыру мәселелері қаралды. Содан кейін, құқық қорғау органдарының қатардағы орта басшы құрам лауазымдарына – 35 жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызметін өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, ҚР заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданатыны айтылды.

Айта кетейік, үміткерлер конкурс жарияланғанға дейін ҚР заңнамасы бойынша тестілеуден өтеді және олардың қызметке жарамдылығын айқындау үшін Ішкі істер органның әскери-дәрігерлік комиссиясында медициналық, психо-физиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өткені туралы анықтамасын Кадр саясаты басқармасына тапсыру керек.