​Шымкенттік журналистердің төрағасы сайланды

0
1 355

"Оңтүстік" телеарнасының директоры Уәли Қыдыр төраға болып сайланды.


​Шымкенттік журналистердің төрағасы сайланды

ҚР Журналистер Одағының Шымкент қалалық филиалына төраға сайланды, деп xабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимаратындағы сенатор А.Қапбарованың шымкенттік журналистермен кездесуінде ҚР Журналистер одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы болып Уәли Қыдыр сайланды.

Бұл шешімді кездесуге жиналған барлық журналистер бір ауыздан қолдап, дауыс берді.

Уәли Сағындықұлы Қы­дыр 1975 жылы туылған. Ол 1998 жылы Қазақ Ұлттық университетінің жур­налис­тика факультетін бітірген. Еңбек жолын «Заң» басылымдарын шығарушы-редактор болып­ бастаған. 2001 жылы Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының баспасөз қызметінде жұмыс істеді. 2002 – 2009 жылдар аралығында республикалық «Заң» гәзетінде тілші, бөлім редакторы болды, «Нұр-астана»­ газетінің Алматы бөлімін басқарды, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін ат­қарған.

2012 жылдың тамыз айынан бері Қазақ радиосы дирек­торының орынбасары болып келді. Ал, 2013 жылы (сол кездегі атауы) "Қазақстан-Шымкент" телеарнасының директоры болып тағайындалған. Алайда, 2018 жылы бұл қызметін Бауыржан Бердімұратовқа босатып, Астанаға кеткен болатын.

Ал осы жылдың наурыз айынан бастап "Оңтүстік" телеарнасының директоры қызметіне тағайындалған еді.