Шымкенттіктер Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегерін күтіп алды

0
543

Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 100 елінен спорттың 21 түрінен 3500-ден астам спортшы қатысты.


Шымкенттіктер Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегерін күтіп алды

Еркін күрестен Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рсалы Сабыржан мен байрақты бәсекеде өз шеберлігін көрсеткен Пернеш Шадиярды жерлестері әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттік балуан Бразилияда өтіп жатқан XXXIV-Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын.

Сонымен бірге спортшыларды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қарсы алып, оларды жеңісімен құттықтады. Бұл жетістік жаттықтырушылар мен спортшылардың табанды әрі мықты жұмысын көрсетіп тұрғанын айта кетті.
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында 2022 жылдың 1-17 мамыр аралығында есту қабілеті нашар спортшыларға арналған 24-ші Сурдлимпиада ойындары өткен болатын. Аталған бәсекеге әлемнің 100 елінен спорттың 21 түрінен 3500-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның намысын 9 спорт түрінен 65 спортшы қорғаса, олардың құрамында жерлестеріміз 65 келі салмақтағы Пернеш Шадияр мен 70 келідегі Рсалы Сабыржан бар.

Спортшылар еркін күрестен Пернеш Шадияр 65 келі, Рсалы Сабыржахн 70 келі салмақта өз шеберліктерін көрсетті.

Алғашқы алтын медальді ұлттық құраманың қоржынына дзюдошы Еркебұлан Қанафин салды. Финалда 81 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Оңтүстік Кореядан келген Ким Мин-сокты жеңді. Жартылай финалда Канафин Франциядан келген басты фаворит Рафаэль Кубеликті нокаутқа жіберген болатын.

Қазақстан құрамасы Сурдлимпиадада жеті медаль жеңіп алды. Бір алтыннан бөлек екі күміс және төрт қола бар. Медаль көрсеткіші бойынша Қазақстан құрамасы 12-орында, ал Украина көш бастап тұр – 19-6-13. Күміс медальдарды Әділбек Нұрмұхамед (60 келіге дейін) пен Анна Крамарова (78 келіге дейін), ал қола медальдарды Шаяхмет Қанапиянов (73 келіге дейін), Сабыржан Хапизов (100 келіге дейін), Фериде Қараоғлы (48 келіге дейін) және Дина Ержанова (52) жеңіп алды. Медальдің бәрін Қазақстан құрамасы дзюдо спортынан жеңіп алды.

Айта кетейік, есту қабілеті нашар спортшылар бақ сынайтын 24-ші Сурдлимпиада ойындары өткен жылы өтуі тиіс болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты 2022 жылға ауыстырылды.