​Шымкенттіктер жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн ала алады

0
1 753

Шымкент қаласының тұрғындары ХҚО-ға бармай-ақ, жылжымайтын мүлік техпаспортын egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн ала алады.


​Шымкенттіктер жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн ала алады

Бұл қызметті қалай алуға болатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Электрондық техпаспортты электронды үкімет порталында алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электронды өтініш беру» қызметін таңдау қажет. Пәтерлердің, жатақхана бөлмелерінің, жеке гараждардың және саяжай құрылыстарының құқық иелері онлайн сұрау салғаннан кейін тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеуі қажет.
Құжатты дайындау мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақханалардағы бөлменің техпаспорты үш жұмыс күні, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына бес жұмыс күні өткен соң беріледі.
Пәтер, жатақхана бөлмесі, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына рәсімделетінэлектронды техпаспорт ХҚО-да қолтаңбамен расталып, мөр басылып берілетін құжаттағыдай бірдей деректерді қамтиды. Техпаспорттың электрондыбаламасы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тартылған қызметкерлердің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталатын болады.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша жыл басынан 5 мыңға жуық тұрғындар жаңа техпаспортты электронды тәсілмен алған