​Шымкенттің әкімі әр балаға 100 мың теңгеден сый жасады

0
1 186

Оған 6-13 жас аралығындағы 250 бала қатысты.


​Шымкенттің әкімі әр балаға 100 мың теңгеден сый жасады

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Президент шыршасына қатысқан әр балаға 100 мың теңгеден тарту жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін шымкентқаласының Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің мерекелік шыршасы өтіп, оған 6-13 жас аралығындағы 250 бала қатысты. Түрлі сала бойынша – спорт, шығармашылық, қоғамдық шараларда жетістікке жетіп, өнер көрсетіп жүрген мүмкіндігі шектеулі балалар, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасының шыққан, ата-анасынсыз қалған 250 бала Президенттің шыршасын тамашалады.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов балаларды мерекемен құттықтап, әрбіріне Президент атынан 100 мың теңгелік сертификатты табыстады.

Дереккөз: ZYN QALA