Шымкенттің бюджеті 2 жылда екі есе өсті

0
768

Шымкент қаланың 2022 жылғы бюджетінің шығыс бөлігі 468 миллиард теңге көлемінде белгіленген.


Шымкенттің бюджеті 2 жылда екі есе өсті

Соңғы екі жылда Шымкент қаласының бюджеті 2 есеге ұлғайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтар болсақ, 2019 жылы қала бюджеті 244,4 млрд. теңге болса, 2021 жылы 495,5 млрд. теңгеге жеткен. Оның ішінде қала бюджетінің өзіндік кіріс көлемі 1,8 есеге ұлғайып, 98,7 млрд. теңгеден 174,5 млрд. теңгеге жетті.

Шымкент қаланың 2022 жылғы бюджетінің шығыс бөлігі 468 миллиард теңге көлемінде белгіленген. Оның ішінде қаланың даму бюджеті 104 миллиард теңгені құрайды. Бұл қаржыға 159 жобаны іске асыру көзделген.
Атап айтқанда, тұрғындарды ауыз сумен қамтуға 4 миллиард 519 миллион теңге, кәріз жүйесін жетілдіруге – 7 миллиард 99 миллион теңге, сапалы электр қуатымен қамтуға 7 миллиард 266 миллион теңге, табиғи газбен қамтуға – 3 миллиард 674 миллион теңге және тұрғын үй құрылысына 28 миллиард 388 миллион теңге бөлінген.