Шымкенттің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша меморандум түзілді

0
2 169

Меморандумның негізгі мақсаты – Шымкент қаласының қоршаған ортасын жақсарту бойынша бірлескен кешенді шараларды жүргізу.


Шымкенттің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша меморандум түзілді

Шымкент қаласының әкімі мен «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының» заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрайымы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының» заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрайымы Айгуль Соловьевамен кездесті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында тараптар бірқатар мынандай міндеттерді шешуді жоспарлап отыр: Шымкент қаласының қоршаған ортасын жақсарту бойынша бірлескен кешенді шараларды жүргізу, төменгі көміртекті даму қағидаттарын пайдалана отырып, Шымкенттің жалпы экологиялық жағдайын жақсарту стратегиясын әзірлеу және бекіту үшін сұхбат алаңын құру, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша ынтымақтасу.

Жиында сөз алған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов бірлескен жұмыс қаладағы салауатты ортаны сақтауға, экологиялық инфрақұрылымды дамыту мен инновацияларды жылжытуға, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануын төмендету жөніндегі шараларды әзірлеуге бағытталатынын атап өтті.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі