Шымкенттің істен шыққан шамдары ауыстырылып жатыр

0
1 398

Қалада ақауы бар шамдар мен сынған шыны әйнектер ауыстырылып жатыр.


Шымкенттің істен шыққан шамдары ауыстырылып жатыр

ERNUR.KZ. Шымкентте істен шыққан шамдар ауыстырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімдігі «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» акциясы аясында азаматтардан түскен шағымдар бойынша жұмыс істей бастады.

Сауалнама нәтижесі бойынша өзекті мәселе ретінде коммуналдық шаруашылық саласындағы істен шыққан шамдардың ахуалы аталған болатын. Қаланың коммуналдық сала қызметкерлері жарықтандыру және қала шамдарының қызмет ахуалы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда ақауы бар шамдар мен сынған шыны әйнектер ауыстырылуда. Бұл дегеніміз, алдағы күндері Шымкент қаласының кешкі көшелерінде өзіңізді қауіпсіз сезінуіңізге мүмкіндік бермек.