Шымкенттің қақ ортасында оқ атылды

0
1 316


Шымкенттің қақ ортасында оқ атылды

Қаңтардың 13-і күні түнгі сағат 22:00-дер шамасында қаланың қақа ортасында араздасып қалған жігіттердің бірі екеуіне қарай оқ атқан - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Суық қару кезенгенін көріп оқиға орнынан екі жігіт қаша жөнелген. Куəгерлер алдымен атылған қару дыбысын естігендерін, сосын жүгіріп қашқан екі жігітті байқағандарын айтады. Оқиға орнынан травматикалық қарудың бір патроны мен қан іздері табылған.

"Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған"-деп мәлімдеді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.