Шымкенттің орталық ауданында инфрақұрылым жақсарып келеді

0
518

Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев брифинг барысында мәлімдеді.


Шымкенттің орталық ауданында инфрақұрылым жақсарып келеді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында инфрақұрылым жақсарып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша берген баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан табиғи газ 99% және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100% құрап отыр», - деді аудан әкімі.

Ауданда ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99,8%, электр жарығы 100%, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 87 %.

Спикердің сөзінше, ауданда ұзындығы 299,1 шақырымды құрайтын 404 даңғыл, көше мен өткел бар. Жолдардың 279,5 шақырымы (88%) асфальт, 19,6 шақырымы (12%) тас жолды құрайды.

Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, аудан аумағындағы 404 көшенің қазіргі таңға дейін 124 көшесі жарықтандырылған.

Аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген. 2014-2020 жылдар аралығында 291 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған. Ал, 2021 жылы 11 ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 11 ойын алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов (№70, 88-90, 89, 92 үйлер), «Спорт» шағынауданы (№9, 24 үйлер), Ә.Диваев (№142-142б-144, 140-144б, 146 үйлер), Дулати (№ 205) және Қазыбек би көшесіндегі (№195 а) үйлердің аулалары абаттанады.

Қазіргі таңға дейін 28 балалар ойын алаңшалары орнатылған. Сонымен бірге аталған жоба аясында 9 спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал 2023 жылы 7 спорт алаңшасы орнатылып, аудан аумағын 100% қамту жоспарда бар.