​Шымкенттің тойындағы атыста ерегіскендер маңдайы мен кеудесінен жарақат алды

0
1 386

Қашпақ болғандар полиция көлігіне соғысқан.


​Шымкенттің тойындағы атыста ерегіскендер маңдайы мен кеудесінен жарақат алды

Шымкентте өткен тойдағы жанжалдың соңы атысқа ұласып, жанжалдасқандардың бірі маңдайынан, екіншісі кеудесінен жарақат алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы жылдың қараша айының14-нен 15-не қараған түні үйлену тойы салтанатында бірнеше ер-азаматтар арасында өзара жанжал туындаған. Жанжал барысындақатысушылардың бірі травматикалық қарудан С. есімді азаматқа қарай бірнеше рет оқ атып, оның маңдайы мен ішінжарақаттап, екіншісі оған кеудесінің артқы жағына пышақ жарақатын салған.

Осыдан кейін олар «Мазда» маркалы автокөлігімен оқиға орнынан бойтасалау кезінде Полиция департаментінің арнайы автокөлігімен соқтығысқан.

Жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізілген, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Полиция қызметкерлері жанжалдың барлық қатысушыларын анықтап, күдіктілер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі