Шымкетте белгілі композитор Құралай Сәтмұхамбетованың шығармашылық кеші өтті

0
3 486

Шығармашылық кеште композитордың өмір жолынан сыр шертіліп, қоржынындағы тың туындылар орындалды.


Шымкетте белгілі композитор Құралай Сәтмұхамбетованың шығармашылық кеші өтті

Бүгін Шымкентте белгілі композитор Құралай Сәтмұхамбетованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Аппақ гүлдер» атты әдеби шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен кешке эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев, Ақбота Керімбекова, Бақытжан Байжұман және ақын-жазушылар мен өнерсүйер қауым өкілдері қатысты.
Шығармашылық кеште композитордың өмір жолынан сыр шертіліп, қоржынындағы тың туындылар орындалды. Шоқтығы биік шығармалардың шығу тарихы айтылды. Қалалық «Қуыршақтар» театры жазушы Мархабат Байғұттың «Достық қымбат бәрінен» пьесасынан үзінділер керсетті.
Тыңдармандар мен кеш қонақтары композитордың белгілі әндерін бірге орындап, рухани нәр алып қайтты.
Композитор Құралай Сәтмұхамбетова 1951 жылы 8 қаңтарда Семей облысы, Абай ауылында дүниеге келген. Кейіннен отбасылық жағдайларға байланысты Оңтүстікке қоныс аударып, Шымкентте еңбек етті. Ол - 150-ге тарта әннің авторы. Композитордың қоржынындағы «Аппақ гүлдер», «Алтынай», «Ару ана», «Сені көргім келеді», «Елім аман» әндері халыққа кең тараған. Композитор өзі шығарған әндерді елімізден өзге Ресей, Қытай,Түркия сынды елдердің сахнасында шырқаған.