Шымкеттік ХҚО-лар қай күндері жұмыс істемейді?

0
514

Бүгінгі таңда қаламызда 10 Халыққа қызмет көрсету бөлімі, оның ішінде 3 мамандандырылған бөлім бар.


Шымкеттік ХҚО-лар қай күндері жұмыс істемейді?

Мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күніне байланысты 1 желтоқсан күні Шымкенттік ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда қаламызда 10 Халыққа қызмет көрсету бөлімі, оның ішінде 3 мамандандырылған бөлім бар, онда азаматтар мемлекеттік қызметтердің 662 түрі бойынша жүгіне алады. Сондай-ақ азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді мереке күндеріне қарамастан, egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, egov mobile қосымшасы арқылы онлайн түрде кез келген жерден рәсімдей алады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ 16-17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейтін болады.