«Шырайлы Шымқалам» атты ән кеші өтті

0
378

Іс-шараның мақсаты – жас өнерпаздарды анықтау.


«Шырайлы Шымқалам» атты ән кеші өтті

Шымкент қалсында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жəне қала күні қарсаңында «Шырайлы Шымқалам» атты мерекелік ән кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты шараны Шымкент қаласының ішкі саясат жəне жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Әл-Фараби ауданы мамандарыны ұйымдастырды. Кешке қаламыздың тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жас өнерпаздарды анықтау.
Ашық аспан астындағы ән кешінде барлық әндер жанды дауыста орындалып, тыңдармандар қосыла айтып, би биледі.
Мерекелік кеш «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты алдындағы ашық аспан астында өтті. Алдағы уақытта жас таланттарды анықтау мақсатында мұндай кештер өз жалғасын табатын болады.