Су тасқынынан зардап шеккендерге шымкенттік еріктілер көмектесуде

0
923

Еріктілер 180 адамға өз қаражаттарынан ыстық тамақ және сусынмен қамтамасыз етті.​


Су тасқынынан зардап шеккендерге шымкенттік еріктілер көмектесуде

Шымкенттік еріктілер жауын-шашын салдарынан зардап шеккен елдімекен тұрғындарына қолдау білдіруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәселен, волонтерлар Төлеби ауданына 15 мамыр күні жиналған қордан (206 000 теңгеге) алынған 103 литр сертификатталған антисептик жеткізді.

Бүгінгі таңда аталған елдi мекендерде күрделі қалпына келтipy жұмыстары жүрiп жатқандығы мәлім. Волонтерлар көмектесу шараларын ары қарай жалғастыратын болады.


Сондай-ақ, Шымкент темір жол жастары Шымкент қаласы Елтай елдімекенінде табиғат апатынан , яғни су тасқынынан зардап шеккен үйлерге барып көмек қолын созды. Үйлерге тазалау, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, сондағы күні-түні қызметте жүрген "Ұлттық Ұлан" ішкі істер әскерлеріне, төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне жалпы саны 180 адамға өз қаражаттарынан ыстық тамақ және сусынмен қамтамасыз етті.