Сыртқы жарнаманы орнатуға рұқсат алу үшін қандай рәсімдерден өту керек

0
1 291

​Кәсіпкерлер сыртқы жарнаманы орнатуға рұқсат алу үшін қандай рәсімнен өтуі қажет екендігі жайлы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жеңіс Байымбетов баяндады.


Сыртқы жарнаманы орнатуға рұқсат алу үшін қандай рәсімдерден өту керек

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елдімекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №233 бұйрығының 7-тармағына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елдімекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдермен жүзеге асырылады.

- эскизді жобаны әзірлеу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) және техникалық шарттарды алу;

- эскизді жобаны жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісуден өткізу;

- сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнату, - деді спикер.

Заңға сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы елдімекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елдімекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама «Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына» ММ жіберілген жағдайда рұқсат беріледі.

Хабарламаға қоса тіркеледі:

- сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны;

ҚР салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірініш айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;

- нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.