«Тәуелсіздік ел -тұғыры»: Шымкентте спорттық ойындардан жарыс өтті

0
388

Жүлдегерлер орталық басшылығы атынан марапатталды.


«Тәуелсіздік ел -тұғыры»: Шымкентте спорттық ойындардан жарыс өтті

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталық мамандарының ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік- ел тұғыры» атты спорттық ойындардан жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оңалту орталығының 12-ауысымына келгендерге арнайы ұйымдастырылған бұл шараға қызмет алушылар белсене қатысты. Ән ұранмен рухтанып басталған сайысты орталық басшысы А. Досбаева ашып берген соң Іс-шара қызмет алушылар арасынан құралған қарсылас екі «Көк байрақ» және «Елтаңба» топтарына бөлінді. Асық ойыны, қол күрес, мозаика құрастыру, ел тарихына орай викториналық сұрақтар, гантель көтеру, би жарысы кезегімен ойнатылды.
Сайыста орталықтың дәрігері – Ұ.Салыбекова, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Т.Нұрмаханова, кәсіподақ төрайымы Ұ.Медарова командалар ойынына төрелік жасап әділ бағасын берді. Жүлдегерлер орталық басшылығы атынан марапатталды.