Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттік жастар баспаналы болды

0
1 645

Бес жылға жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы Жастар жылы аясында Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылуда.


Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттік жастар баспаналы болды

Бүгін 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні түрлі салада жұмыс істейтін шымкенттік жастар баспанамен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бес жылға жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы Жастар жылы аясында Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылуда.

Пәтер кілтін жастарға қала әкімі Ерлан Айтаханов салтанатты түрде табыстап, еліміздің болашағы жастардың өсіп, өркендеуі үшін мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп келетінін атап өтті.

«Бұл бағдарламаның ерекшілігі жастарға өзінің болашақтағы жеке меншік үйінің бастапқы жарнасын жинақтауға мол мүмкіндік беретіні. Яғни, жастарымыз пәтерден-пәтерге көшіп, ай сайынғы нарықтағы пәтерақының орнына 5-7 мың теңге көлеміндегі төлемақыны төлейді» деді Ерлан Қуанышұлы.

Бұл күні қаламыздағы дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер, коммуналдық және құқық қорғау органдары мен энергетика, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, кәсіпорын жұмысшылары сынды жастар құрылыс жұмыстары аяқталған тұрғын үйге ие болды. Осылайша жыл соңына дейін берілетін 904 пәтердің кілттерін табыстау кезеңі Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс басталып кетті.

Ақназар хан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің жалпы ауданы – 1137 шаршы метрді құрайды. Осы тұрғын үйдің құрылысы барысында 200-ден астам жас жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, алдағы екі жылда Шымқала жастары үшін 900 пәтерден бөлінетін болады. Осылайша бағдарлама аясында 2704 жас жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілмек.

Дереккөз:Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі