Төтенше жағдайлар департаменті Шымкент тұрғындарын сақ болуға шақырады

0
399

18 қарашада қалада қатты жаңбыр жауып, қар жауады.


Төтенше жағдайлар департаменті Шымкент тұрғындарын сақ болуға шақырады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындарын сақ болуға шақырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 17 қараша күні желдің секундына 25 метрге дейін күшеюі туралы ескерту жарияланған.

Сонымен қатар, 18 қарашада қалада қатты жаңбыр жауып, қар жауады.

Құрметті автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілер! Ауа-райы өзгеруіне байланысты жолдарда өте сақ және мұқият болыңыз.