"Тұңғыш Президент күні": Шымкентте Төтенше жағдайлар қызметкерлері марпатталды

0
948

Қызметкерлерге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен қала әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.


Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы полковник Мадияр Жақсыбаев құттықтау сөз сөйледі.

Еліміздің тұңғыш Президенті күніне орай, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға өз үлестерін қосқан қызметкерлер ҚР ТЖ министрлігі мен қала әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Марапатталатын қызметкерлердің арасында «Қазақстанның құрметті азаматы» атаққа ие болғандар да бар. Ол Шымкент қаласының ТЖ департаменті Қаратау ауданы ТЖ басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Еркебұлан Тасқараев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында және ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның құрметті азаматы» атты республикалық байқау жарияланған еді.
Бұл байқауға еліміздің түрлі саладан 21000 маман қатысып, Еркебұлан Тасқараев «Дарынды жастар» номинациясы бойынша бағын сынаған. Өзіннің шығармашылық жұмыстарымен Еркебұлан Тасқараев еліміздің азаматтық қорғау органдарының дамуына өзіндік үлес қосып, лайықты марапатқа ие болып отыр.