«Туристік Шымкент» квесті атты онлайн жарыс өтті

0
447

Ойынға қатысушыларға үшінші мегаполистің тарихи-мәдени және архитектуралық мұрасын және қазіргі мүмкіндіктерін зерттеу талабы қойылды.


«Туристік Шымкент» квесті атты онлайн жарыс өтті

Шымкент қаласы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттік құрама командаларының арасында «Туристік Шымкент» квесті атты онлайн жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайыс «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен «Шымкент: Мыңжылдықтар тарихы және қазіргі заман» атты рухани жаңғыру апталық форумы шеңберінде өткізілді.
Квест мақсаты - жастардың патриоттық сезімін ояту, мәдени-тарихи мұраны зерттеуге тарту, ішкі туризмді дамыту және туған жерге саяхатты насихаттау, экскурсия жүргізуші дағдыларын меңгерген жастарды анықтап, үлгі ету.
Ойынға қатысушыларға үшінші мегаполистің тарихи-мәдени және архитектуралық мұрасын және қазіргі мүмкіндіктерін зерттеу талабы қойылды.
Жеңімпаздардан құрылған арнайы топ қаладағы киелі орындар мен тарихи ескерткіштерді аралап, жергілікті тарихшылармен сұхбаттасады. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Туризм басқармасы басшысы Олжас Шынтаевтың ұсынысымен «Shymkent tourism center» туристік-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қаладағы барлық мекеме қызметкерлері мен студент-жастар онлайн диктант жазады деп жоспарлануда.