Уәли Қыдыр "Оңтүстік" телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

0
3 290

​"Оңтүстік" телеарнасының директоры қызметіне Уәли Қыдыр қайта тағайындалды.


Уәли Қыдыр

"Оңтүстік" телеарнасының директоры қызметіне Уәли Қыдыр тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Уәли Сағындықұлы бұған дейін де бұл арнаның директоры қызметін атқарған тәжірбиелі маман.

Уәли Сағындықұлы Қы­дыр 1975 жылы туылған. Ол 1998 жылы Қазақ Ұлттық университетінің жур­налис­тика факультетін бітірген. Еңбек жолын әділет министрлігі «Заң» басылымдарын шығарушы-редактор болып­ бастаған. 2001 жылы Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының баспасөз қызметінде жұмыс істеді. 2002 – 2009 жылдар аралығында республикалық «Заң» гәзетінде тілші, бөлім редакторы болды, «Нұр-астана»­ газетінің Алматы бөлімін басқарды, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін ат­қарған.

2012 жылдың тамыз айынан бері Қазақ радиосы дирек­торының орынбасары болып келді. Ал, 2013 жылы (сол кездегі атауы) "Қазақстан-Шымкент" телеарнасының директоры болып тағайындалған. Алайда, 2018 жылы бұл қызметін Бауыржан Бердімұратовқа босатып, Астанаға кеткен болатын.