«Ұлттық рухани жаңғыру»: Шымкентте «Жастар ресурстық орталықтарының I алқасы» өтті

0
279

Аталған іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің ұйымдастыруымен өткізілді.


«Ұлттық рухани жаңғыру»: Шымкентте «Жастар ресурстық орталықтарының I алқасы» өтті

Шымкент қаласында «Жастар ресурстық орталықтарының I алқасы» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің ұйымдастыруымен «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында өткізілді.
Алқалы жиынға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Қуанышұлы Умаров, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов, Ғылыми зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев және әр қалалар мен аудандардан 18 жастар орталығының басшылар қатысты.