"Үш ұйықтасам түсіме кірмепті": Шымкентке келген Ерке Есмахан мен жолдасы вакцина салдырды

0
666

Жұлдызды жұп екпе салдыру үшін Шымкент қаласындағы №3 емханаға келген.


Шымкентке келген Ерке есмахан мен жолдасы вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Халықтың сүйікті әншісі Ерке Есмахан мен 91 тобының экс-солисі Азамат Зенкаев ковидке қарсы вакцина салдырды.
Жұлдызды жұп екпе салдыру үшін Шымкент қаласындағы №3 емханаға келген. Алдымен ерлі-зайыптылар емханада дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қарсы көрсетілімдері жоқ болған соң Sinopharm компаниясының “Vero Cell”вакцинасын салдырған.
“Шым қалада, осы емханада үш ұйықтасамда түсіме кірмепті вакцина салдырамын деп. Бірақ бұйырғаны болады” - дейді вакцина салдырған Ерке Есмахан.
"Сақтықта қорлық жоқ" дегенді ұстанатын Ерке Есмахан медициналық масканы тастамайтынын да айтып өтті. Сондай-ақ қауіпті инфекциядан қорғану үшін қазақстандықтарды екпе салдыртуға шақырды.