​Ұшақтан табылған 111 мың АҚШ доллары мемлекет кірісіне өткізілді

0
1 501

Тергеу барысында шетел валютасын тасымалдауға қатысы бар тұлғалаларды анықтауға мүмкіндік болмады.


​Ұшақтан табылған 111 мың АҚШ доллары мемлекет кірісіне өткізілді

сурет: ашық дереккөзден

Прокурорлардың талап-арызымен 100 мыңнан астам АҚШ доллары мемлекет пайдасына өндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

2018 жылдың 18 қыркүйегінде Шымкент қаласының Абай аудандық соты Шымкент көлік прокурорының 111 мың АҚШ долларын иесіз деп тану және мемлекет кірісіне өндіру туралы талап-арызын қанағаттандырды.

Бұл қаражат – Стамбулдан келген әуе кемесінде рәсімделмеген шетел валютасын анықтау дерегімен 2011 жылы Шекара қызметі қозғаған қылмыстық іс бойынша контрабандалық заттар ретінде танылды.

Тергеу барысында шетел валютасын тасымалдауға қатысы бар тұлғалаларды анықтауға мүмкіндік болмады.

Биылғы жылы аталған қылмыстық іс қолданыстағы заңнаманың өзгеруіне және контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту шектік мөлшердің өсуіне байланысты тоқтатылды.

Осы себеппен және заңсыз жолмен әкелінген валютаның тағдырын шешу мақсатында прокуратура бұл қаражатты мемлекет пайдасына өндіру талап-арызбен сотқа жүгінді.