Үшінші адамның туыстары: Шымкентте тағы 8 адам коронавирус жұқтырған

0
670

Аталған науқастардың барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары.


Үшінші адамның туыстары: Шымкентте тағы 8 адам коронавирус жұқтырған

Шымкентте коронавирус жұқтырған тағы 8 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған науқастардың барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары.

Науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде қалада коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.