Үшінші мегаполисте карантиндік шектеулерге өзгеріс енгізілді

0
437

Жаңа қаулы 2021 жылғы 2 тамыздан бастап күшіне енеді.


Үшінші мегаполисте карантиндік шектеулерге өзгеріс енгізілді

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулыға сәйкес, сұлулық салондары, шаштараз, косметологиялық қызмет көрсететін орындар Ashyq жүйесіне тіркелген болса, 09:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. Алайда сенбі-жексенбі күндері жабық болады.

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін шектеумен, сенбі жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес) жұмысына тыйым салынды, егер Ashyq жүйесіне тіркелген болса, 07:00-ден 17:00-ге дейін шектеумен және демалыс күндері жұмысын тоқтатады.

Сонымен қоса, мектепке дейінгі мекемелер кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топты жинақтауды сақтаған кезде қалыпты режимде жұмыс істейді.

Қоғамдық орындарда бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер қалыпты режимде жұмыс істейді. Азық-түлік сатпайтын дүкендер тек жеткізу арқылы қызмет көрсетеді.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 2 тамыздан бастап күшіне енеді.