Үшінші мегаполисте халық саны көбейген

0
3 721

Жұмыссыздар саны - 21,8%.


Үшінші мегаполисте халық саны көбейген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы халық саны 2 %-ға артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 1 маусымына дейінгі санақ бойынша үшінші мегаполисте халық саны 1 022 449 адамға жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда екі пайызға өсім бар. Сондай-ақ, көрсеткіш бойынша, еліміздегі халық тығыз орналасқан үш қаланың бірі – Шымкент. Қалада бір шаршы шақырымға 852 адамнан келеді екен. Бұл туралы Шымкент қаласы статистика департаментінің өкілдері алты айлық есебінде мәлімдеді.

Сонымен қатар, баспасөз жиынында Шымкент қаласының әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштері де жарияланып, мамандар қаланың демографиясына байланысты жаңа дерек ұсынды:

Қала халқының саны 1 022 449 адам;

• Шымкент қаласы республикада халық санының тығыздығы бойынша 3 орында;

• Халық санының табиғи өсімі 8 900 адам;

• 2019 жылдың алғашқы 5 айында 10 919 нәресте туған (2,4% артқан);

Қайтыс болғандар саны – 2019 адам (5,8%артқан);

• Халықтың орташа табысы – 62 612 теңге (7 % артқан);

Жұмыссыздар саны – 21,8%-ды құрап отыр.

дереккөз: zhymkenttv.kz